Көркем еңбек | Мектеп: | |||||
Күні:. | Оқытушының аты-жөні: | |||||
Сынып: 5 сабақ№ 8 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Бөлім: | Тамақтану мәдениеті | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Жемістер мен көкөністерден салаттар әзірлеу технологиясы | |||||
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 5.2.4.4- Салқынтағамдар мен сусындардыәзірлеутехнологиясынбілужәнеқолдану 5.3.4.1- Өзінің және өзгелердің жұмыстарын жетілдіру және адаптациялау бойынша конструктивті пікірлер, ұсыныстарды білдіру 5.1.3.1- Шығармашылық идеяларды зерттеу мен дамыту үшін ақпарат көздерімен жұмыс істеу(оның ішінде ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану арқылы) | |||||
Сабақтың мақсаты |
| |||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі | Педагогтың әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Басталуы Ұйымдастыру 5 мин | Сабақ басында: Оқушылармен амандасып, оқушылардың зейінін шоғырландыру. Психологиялық ахуал қалыптастыру.
Басбармақ арқылы көрсету Топқа бөлу 2 түрлі стикерін (көкөніс, жеміс-жидек) жабық таңдау арқылы 2 топқа бөлінеді, ерекше стикер алған оқушы топ басшысы болады. «Бағбан» бағалау әдісі Әр топқа скетчбук беріледі. Тапсырманы жақсы орындаған не сұраққа жауап берген оқушыларға әр кезең сайын бір стикер-көкөністен таратылады.Топ басшысы скетчбукке оқушы есімінің тұсына сыйлық - стикерлерін жапсырып отырады. 3 стикерге- «Жарайсың», 2 стикерге «жақсы», 1 стикерге – «Талпын» қалыптастырушы бағалау қойылады. Сабақ соңында ең көп стикер-көкөніс жинаған оқушылар топ лидерлері болады.
І топ – көкөністер ІІ топ – жеміс-жидектер
Оқушыларға стикер- суреттерді көрсете отырып, тақырыпты ашуға ой саламыз. Көктемде ақ гүлге оранады, Күзде қолға тәтті доп болып оралады. (Алма-яблоко- apple) Ашулы қонақ бұл анық Тонын шешсе, жыладық. (пияз –лук-onin) Ал, балалар бүгін мен сендерге жасырған жұмбақтардың шешулері: алма ол неге жатады? Жеміске ме? жидекке ме? Көкөніске ме? Ал құлпынай ше? Пияз неге жатады? -Дұрыс айтасыңдар,балалар.Біз бүгін көкөністер мен жеміс-жидектер жайлы бекерге айтып жатқан жоқпын,өйткені біздің сабағымыздың тақырыбы: «Жеміс-жидек пен көкөністер» Оқушыларды топқа бөле отырып, көкөністер мен жеміс-жидектердің пайдасын еске түсіру. | Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. Оқушыларқимыларқылы сабақтыбастайды. Оқушылар 2 топқа бөлінеді, ерекше стикер алған оқушы топ басшысы болады. Оқушылар бағалау әдісімен танысады. Оқушылар стикер- суреттерді көре отырып, тақырыпты ашады. | Қалыптастырушы бағалау: «Бағбан» бағалау әдісі | Таныстырылымоқу жоспары |
Ортасы 1 кезең 5 минут 2 кезең Қауіпсіздік ережесімен танысу 2 минут Бейнебаян 3 минут Сарамандық жұмыс 15 минут Сызба тапсырма 5 минут 3 кезең 5 минут Бағалау кезеңі 2 минут | (К) Зерттеуге кіріспе /сұхбат- пікір талқылау 1 тапсырма «Мыңнан жүйрік» Слайд арқылы ашылған тест-сұрақтарына жылдам жауап беру арқылы ұпай жинайды.
Апельсиндердің пішіні дөңгелек, ал мандариндердің ұштары тегіс. Апельсинге қарағанда мандариннің қабығын тазалау оңай. Мандариндердің туған жері Қытайдың оңтүстік-шығысында, ал апельсиндер әлемнің барлық тропиктік және субтропикалық климаттарында өсіріледі.
Оқушылар сұрақтарға жылдам жауап беру арқылы ұпай-сыйлық алып, скетчбукке орналастырады. 2 тапсырма. Сарамандық жұмыс (топтық жұмыс) Қауіпсіздік ережесімен танысу. «Серпілген сауал» әдісі Сарамандық жұмысты бастамастан бұрын тамақ әзірлеу бойынша қауіпсіздік ережелерін қайталап, оқушылардың естеріне салу. Кесу құралдарын қолданғанда қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керек? Ас үй бөлме ішіндегі қауіпсіздік техника ережелерін қайталау
«Кинометафора» әдісі тағамды бастамас бұрын оқушылар назарына төмендегі бейнебаян көрсетіледі. Сұрақ:
Көкөністер мен жемістерден тез дайындалатын салат әзірлеу «Лабиринт» әдісі (сарамандық жұмысты қорытындылау) Дескриптор:
Оқушылар сарамандық жұмыс орындау арқылы ұпай-сыйлық алып, скетчбукке орналастырады. 3 Тапсырма «Жұптас, бөліс» әдісі (Бекіту) 1.Тамақ дайындайтын адамға қандай гигиеналық талаптарды орындау керек? 2.Көкөністер не үшін қажет? 3.Көкөністерді қандай топтарға бөледі? 4.Көкөністерді алғашқы өңдеу дегеніміз не? 5.Қандай дәрумендерді білесің? 6.Жемістер мен көкеністерден салат жасау үшін қандай ыдыстар қажет? 7.Не үшін жемістерд мен көкеністерді күнделікті пайдалану керек? Дескриптор:
Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы ұпай-сыйлық алып, скетчбукке орналастырады. «Бағбан» әдісімен бағалау Жеңімпаздарды марапаттау. | Оқушылар тапсырма бойынша сұрақтарға жауап береді. Оқушылар әрбір таныстырылымнан кейін сұрақтар қоя алады Оқушылар ұпай-сыйлық алып, скетчбукке орналастырады. Оқушылар қауіпсіздік ережесімен танысады. Оқушылар бейнебаянды көре отырып, сарамандық жұмысқа ынталанады. Сарамандық жұмыс жасайды. Оқушылар ұпай-сыйлық алып, скетчбукке орналастырады. Оқушылар өзара жұптасып өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды. Сұрақтарға жауап береді. Оқушылар ұпай-сыйлық алып, скетчбукке орналастырады. Оқушылар бағалау нәтижесі бойынша бір-бірін марапаттайды. | Дескриптор Жемістерден салаттың жасалу жолдарын қарастырады; Салаттың құрамын анықтайды; Салатқа керекті ас бөлме құралдарын әзірлейді; Ас үй бөлмесінің ережелерін біледі және оларды ұстанады; Жемістерден салатын әзірлейді. | http://www.technologystudent.com/health1/safetyr1.htm Құрал- жабдықтар және материалдар: мата үзімдері, қайшылар, жіптер, инелер және т.б. Тігін бұйымдарының ассортиментінің жіктелуі және сипаттамасы https://www.oinet.kz/e/action/ShowInfo.php?classid=46&id=10690&ysclid=lv2c9q079p500640233 |
Аяқталуы 3 минут | Үйге тапсырма: Көкөністер мен жемісжидектердің пайдасы туралы қызықты мағлұматтар жинау Рефлексия «Нысана» әдісі Сары белгі – Сабақты жақсы игердім Қызыл белгі – Сабақта түсінбегенім тұстарым болды Көк белгі – Сабақты түсінбедім
| Оқушылар өз рефлексиясын білдіріп, нысанаға стикер жапсырады. | Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру. | https://slotobzor.com/raspechataj-i-igraj/misheni-dlya-strelby-raspechatat-v-formate-a4/ |