Көркем еңбек | Мектеп: №201 мектеп - лицей | |||||
Күні:. | Оқытушының аты-жөні: Сейтқасымова Г. | |||||
Сынып: 6 сабақ 9-10 | Қатысушылар саны: | Қатыспағандар: | ||||
Бөлім: | Сәндік-қолданбалы өнер | |||||
Сабақтың тақырыбы: | Әртүрлі бұйымдарды шалма бізбен тоқу (мойынорағыш, үшкіл орамал, тіреуіш, ұялы телефондардың қабы). Бұйымды орындау | |||||
Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары | 6.2.6.1-Техника қауіпсіздігін қадағалап, оның маңыздылығын сезіне және демонстрациялай отырып, материалдар мен құралдарды қолдану | |||||
Сабақтың мақсаты: | - шалма бізбен тоқу техникасын меңгереді; - бұйымға шалма бізбен тоқуда түрлі өрнектер түсіре біледі; - бұйымның формасын анықтайды; - бұйымның түстік, реңктік қасиеттерін анықтап, талдау жасауға дағдыланады. | |||||
Құндылықтарды дарыту |
| |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың кезеңі/уақыт | Педагогтың әрекеті | Оқушылардың әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы 2 минут | Оқушылармен сәлемдесу. Құндылықтарды еске түсіру. Оқушыларды жаңа тақырып пен оқу мақсаттарымен таныстыру. Бүгінгі сабақтағы іс-әрекеттерін атап шығу. Назарын аудару үшін оқушыларға түрлі техникада орындалған суреттер тарату. Осы арқылы оқушыларды топтарға бөлінеді. Топқа бөлінген оқушылар түрлі техникада өрілген суреттерді байқайды. Осы арқылы сабақтың тақырыбын ашады. | Оқушылар амандасып, бір-біріне сәттілік тілейді. | Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау. | Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер | ||
«Джигсо» әдісіТопқа біріктіру2 минутСабақ тақырыбын анықтау 1 минут | Сабақтың тақырыбын анықтау үшін шалма біз, ілмек бізге қатысты тоқыма орамал, жіп орамасы, өрнектің суреттері басылған карточкалар таңдау арқылы сынып «Шалма біз», «Ілмек біз», «Өонек» деп аталатын 3 топқа біріктіріледі.Әр топ өз таңдаған тақырыптарына шолу жасап, талқылайды.Талқылау критерийі:
Әр топтан бір-бір спикер тағайындалып, үшеуі де бірден ортаға шақырылады және өз бұйымы жөнінде сынып алдында баяндайды. Баяндап болған соң барлығына ортақ жоғары деңгейлі сұрақ беріледі:
Спикерлер түрлі нұсқалар айта келе ортақ шешімдерін шығарады. Немесе сыныптың көмегіне жүгіне отырып, сабақ тақырыбы анықталады. | Оқушылар екі топқа бөлінеді. Әр топ өз таңдаған тақырыптарына шолу жасап, талқылайды. Оқушылар сабақтың тақырыбын ашып ашады. | Дискриптор Шалу арақашықтығының біркелкілігін сақтайды; Тоқылатын жіптердің түстік шешімін анықтайды; Өрнектерді сәтті орналастырады; | Тоқу түрлерімен танысу http://infourok.ru/urok-vizanie-klass-740635.html |
Миға шабуыл презентациясы 3 минут Бастапқы кері байланыс «Сұрақ-жауап» 3 минут | Интербелсенді тақтадан «Шалма бізбен тоқу өнері» атты презентация көрсетіледі.Слайдтар көрсетіліп болған соң оқушыларға тақырыпты бекіту мақсатында төмендегіше сұрақтар қойылады. Сұрақтар:
| Оқушылар презентациямен танысады. | Презентация 1,2,3,4,5 слайдтар https://www.youtube.com/watch?v=MSwiuVj5Bx4 hurnal.rykodelniza.ru/neobyknovenno-krasivye-salfetki-vyazanie-kryuchkom/ Шыбықтан бұйым тоқу шеберханасы http://baq.kz/news/kogam/elordada-shibiktan-buiim-toku-sheberhanasi-ashildi-foto-74496 | |||
Сабақтың ортасы Сындарлызерттеулер7минут | Әр топқа түрлі ілмек түрлері беріледі.
Дискриптор: Зерттеу жұмыстарын жүргізеді; Өз пікірлерін қорғайды. | Оқушылар топпен зерттеу жұмыстарын жасайды. | Зерттеу үшін ресурстар: Үлестірме материалдар | |||
Бейнеролик көрсету4 минут | Және шартты белгілер бойынша суретке қарап шалулардың түрлерін ажыратуға машықтанады. Шалма бізбен тоқудан интербелсенді тақтадан мастер-класс бейнеролигі көрсетіледі. | Оқушылар бұл тапсырманы жұпта бағалайды. | www.youtube.com/watch?v=awp0Y95D17g | |||
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы 1 минут | Қауіпсіздік техникасы 1. Жұмыс орны жақсы жарықтандырылған болуы керек. 2. Орындық арқасы сүйеніп, тік отыру қажет. 3. Тоқу кезінде арқасы бар орындықта басты сәл иіп отырады. 4. Шалма біздің ұшы қауіпсіз, шектелген болуы керек. 5. Тоқып жатқан жайма бүлінбеуі үшін және қолда иірімжіптің қиқымдары қалмас үшін тоқып бастағанда және аяқтағанда қолды жуу керек. 6. Жұмыс соңында барлық құрал-жабдықтар жәшікке жинап салу керек. 7. Шалма бізді қорабымен алып жүру қажет. | Оқушылар қауіпсіздік ережесімен танысады. | ||||
Практикалық кезең 20 минут | Тапсырма:Шалма бізбен қуыршаққа арналған қалпақ тоқыңыз. Гүл, түйме т.б. заттармен әсемдеңіз. Практикалық жұмысты оқушылар бейнероликтен алынған мәліметтер бойынша жаттыққан шалу түрлерін қолдана отырып жеке-жеке орындайды. Дискриптор:
Өрнектерді сәтті орналастырады; | Оқушыларбейнероликтен алынған мәліметтер бойынша жаттыққан шалу түрлерін қолдана отырып жеке-жеке орындайды. | Практикалықресурстар: Түрлі-түсті жіптер, қайшы, шалма біз | |||
Сергіту сәті «Ырғақ дәлізі» 4 минут | «Ырғақ дәлізі» әдісі арқылы оқушылар екі қатарға орналасады. Оқушылар партаның екі жағымен бір-біріне қарап жүріп отырып, смайликтегі қимылдарды әуен ырғағымен орындап, соңына дейін жүріп өтеді. | Оқушылар сергіту сәтін жасайды. |
Сабақты бекіту «Аламан бәйге» ойыны 3 минут | «Аламан бәйге» ойыны 1.Иірімжіптің қандай түрлерін білесіңдер? 2.Салыстырмалы түрде ең берік иірімжіпті атаңдар. 3.Сапасы және түсі әр түрлі талшықтарды араластыру жолымен алынатын қандай иірімжіпті білесіңдер? 4.Бізді ирімжіптің несіне байланысты таңдайды? 5. Бос шалу тізбегі бұйымың қай бөлігін құрайды? 6. Классикалық тоқу түрі дегеніміз не? 7. Бұрама шалу тоқудың қай түріне жатады? Дискриптор: Сұрақтарға жауап береді; Пікірлерін қорытындылайды. | Оқушылар сұрақтарға жауап беру арқылы сабақты қорытындылайды. | ||||
Сабақтың соңы Кері байланыс 5 минут Аяқталуы 2 минут | Оқушыларды топтарға біріктірер кезде таратылған қағаз тілігі сабаққа кері байланыс кезінде қызмет етеді. Оқушылар қағаз тілігінің екінші бетін толтырады. Оқушылар өз туындыларына атау беріп, сыныпқа ұсынады, өздерінің және сыныптастарының жұмыстарын бағалайды. Жұмысорнынтазалау. | Оқушылар кері байланыс жасайды. | Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру. | Практикалықресурстар: Түрлі-түсті жіптер, қайшы, шалма біз www.youtube.com/watch?v=awp0Y95D17g |